Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қала тұрғыны полицейлерге көмектесті

Солтүстік Қазақстан облысында патрульдік полицейлерге қала тұрғыны көмекке келіп, бір адамның өмірін аман алып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аптаның жексенбісінде полициейлер Бауыржан Жаров пен Азат Зейнолов мінген «Сұңқар 351» автопатруліне ЖБО кезекшісінен Есіл өзендегі көпірдің бойында ер адам қоршау сыртына шыққан адамды ұстап тұрғаны жайлы хабарлама түседі.

Көпірге жедел жеткен полицейлер шын мәнінде қоршаудың сыртына шыққан ер адамды жол-жөнекей өтіп бара жатқан «Toyota Camry» автокөлігінің жүргізушісі ұстап тұрғанын байқайды. Ойланып тұруға уақыт болмады. Құтқару операциясы санаулы минуттардың ішінде өтті. Азат қоршаудың арғы бетіне түсіп, бір қолымен көпірдің жақтауынан ұстап, екінші қолымен секірмекші болған адамның аяғынан ұстап тұрды, Бауыржан мен көмекке келген адам оны көпірдің екінші жағына тартып алады.

«Көмектескен жігіттің атын сұрап қана үлгердім, ұмытпасам оның есімі Александр. Сол қарбалас сәтте оның қолын алып, алғыс айтып та үлгермедік. Нағыз азамат. Ол секіруге жол бермеумен қатар, оны әңгімеге тартып, көңілін аулап, құтқаруға көмектесті», – дейді сол оқиғаның жай-жапсарын баяндаған жігіттер.

Патрульдік машинада ер адам өзінің қылығы жайлы полицелермен бөліскен жоқ. Мәселені осындай жолмен шешуіне ішімдік себепші болуы мүмкін. 52 жастағы қалалық масаң күйде болған. Патрульдік полицейлер ер адамды тұрғылықты жері бойынша учаскелік полиция пунктіне жеткізді. Олар үшін бұл күнделікті жұмыс барысы.

«Адамдар күйзеліске бой алдырмай, бір-біріне қол ұшын созып, проблемаларымен бөлісу қажет деп ойлаймын. Ересек адамдар жақындарына ауыр тиетін әрекет жасамауы тиіс. Біз кей кездері адамдармен байыпты сөйлесіп, жігерлендіріп, өз-өздеріне деген сенімділік ұялататын жағдайларға куә боламыз», – дейді Солтүстік Қазақстан университетінің түлегі Азат Зейнолов.

Өткен аптада ол Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ерлігімен ерекшеленген батыр-полицейлерді марапаттаған бейнеселекторлық кеңеске қатысты. Азат 2019 жылдың тамыз айында өзінің әріптестері-патрульдік полицейлермен бірге лак және бояу материалдарымен жұмыс істеу кезінде тұншықтырғыш газбен уланған екі адамды кессоннан алып шыққан. Сол құтқару операциясы жайлы полицейлерді шақырған, гараждары жақын көршісі түсіріп, араға ай салып жіберген бейнежазбадан көрген.

«Осы жағдай жайлы батальон кезекшісінен білген. Әріптестеріміз бізге кеудеге тағатын жетон мен машинадан алынған бейнені жіберді. Петропавл қалалық Полиция басқармасының басшысы Жандос Мұқатовтың айтуынша, осындай қайсар қызметкерлер патрульдік полиция қызметінің тірегі болып табылады. «Патрульдік полиция жұмысының маңыздылығы кез-келген жағдайға дайын болып, адамдарға көмекке келу. Жігіттер: «Азатпен жұмыс істеу оңай. Ол өте сенімді адам» екендігін айтты. Бұл адам бойындағы маңызды қасиеттердің бірі», – деп қорытындылады қалалық полиция басқармасының басшысы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру