Қалта ұрлығына қатысы бар ақтөбелік анықталды
Полиция қызметкерлері қала тұрғынының мүлкін ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 желтоқсанда 35 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғыны полицияға жүгініп, оның 12 жастағы қызының ұялы телефонының ұрланғаны туралы хабарлады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысты Шұбарқұдық кентінің бұрын сотталған 37 жастағы тұрғынын анықтады. ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Ақтөбе облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуға және бағалы заттар мен смартфондарды оңай қолжетімді жерлерде сақтамауға кеңес береді.