Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қалта ұрысы банк картасын қолды қылды

Ақтөбелік полиция қызметкерлері қалта ұрлығымен айналысқан ұрыны құрықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

16 тамызда ұры "Шағын маркет" дүкенінде күртешенің қалтасынан "Kaspi Gold" банк картасын ұрлаған.

Ұрланған картаны пайдалана отырып, 84 мың теңгеден астам сомаға азық- түлік сатып алған. Заттай айғақ ретінде банк картасы тәркіленді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

- Қоғамдық көліктер мен дүкендерде, адамдар көп жиналатын орындарда қалта ұрыларынан сақ және абай болыңыз! Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз, мүліктеріңізді сақтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдаңыз, - деді ПД бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру