Қандыағаш қаласының тұрғыны жалған сөз тасығаны үшін жауапқа тартылды
Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласының 26 жастағы тұрғыны жасалған қылмыс туралы жалған мәлімет бергені үшін жауапқа тартылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 қыркүйекте қыз полицияға оны көшеде тонап кеткені туралы арызданды. Белгісіз адам велосипедпен келе жатып, оның сөмкесін ашық түрде ұрлап кеткен, жалпы шығыны 10 мың теңгені құрады. Тергеу барысында, іс жүзінде қызға қатысты тонау болмағаны және оны өзі ойлап тапқаны анықталды.
Сол кеште ол жұмыстан шығып, бір танысымен кездесті. Көлікте аяқ астынан жанжал шығып, ер адам қыз баланы бетінен ұрып жіберген. Ол ашуланып, көліктен түсіп, сөмкесін алуды ұмытып кеткен. Үйге сөмкесіз оралған қыз әкесіне оған белгісіз біреудің шабуыл жасап, тонап кеткенін түсіндірген. Әкесі полицияға жүгінді. Қазіргі уақытта тонау ісі тоқтатылып, қызға қатысты жалған ақпарат беру фактісі бойынша шешім қабылданады.
Естеріңізге сала кетейік, көрінеу, жалған айғақтар бергені үшін ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген.