Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қаңтар айында Ақтөбе облысының аумағында 342 қылмыс жасалды

Ішкі істер министрлігінің 2019-2020 жылдарға арналған өзгенің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Ақтөбе облысы Полиция департаменті мақсатты жедел- іздестіру және алдын алу іс-шараларын жүргізіп жатыр,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Бағдарламаның негізгі міндеті-бөтен мүлікті ұрлаумен байланысты
қылмыстық құқық бұзушылықтарды азайту. Криминалдық салада басым
жағдайлар өзгенің мүлігі мен меншігін тонаумен байланысты болып отыр. Ағымдағы жылдың қаңтар айының ортасында белгісіз тұлғалар Ақтөбе қаласындағы үйлердің біріне кіріп, 50 рубль ұрлаған. Жүргізілген іс-шаралар барысында бұған дейін осындай қылмыстарға тартылған 35 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғыны анықталып, тергеу изоляторына қамалды және тергеу амалдары жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың басынан Ақтөбе облысы Полиция департаментінің
қызметкерлері пәтер ұрлығы үшін 5 адамды ұстады және уақытша ұстау
изоляторына қамауға алынды.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында Ақтөбе облысының аумағында 342
қылмыс жасалды, 2019 жылдың осы кезеңінде – 705 болды,яғни 51,4%
төмендеді.
Естеріңізге сала кетейік, қолданыстағы заңнамаға енгізілген түзетулерге сәйкес, тұрғын үй, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға кірумен жасалған қылмыстар, атап айтқанда ұрлық «орташа ауырлықтағы» санатынан «ауыр қылмыс» санатына ауыстырылды, бұл үшін 7 жылға дейін мүлкін тәркілеумен бас бостандығынан айыру қарастырылған.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру