Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қара майор” турнирі: Абай облысында мергендер сайысы басталды

Абай облысында аты аңызға айналған командир Борис Керімбаевты еске алуға арналған VII республикалық “Қара майор” практикалық атыс турнирі басталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл турнир – Қазақстандағы патриотизмді нығайтуға бағытталған маңызды әрі мәні терең шара. Оған қатысу – әрбір спортшы мен арнайы жасақ сарбазы үшін үлкен мәртебе, ал жеңіске жету – абырой мен мақтаныш.

Елдің түкпір-түкпірінен жиналған арнайы жасақтың үздік өкілдері өз шеберліктерін көрсетіп, өңірлерінің намысын қорғауға кірісті. Абай облыстық полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бектөре қатысушыларға қауіпсіздік талаптарын түсіндіріп, оларға сәттілік, ұмытылмас әсермен жоғары нәтижелер тіледі.

— Бұл турнир – жай ғана жарыс емес, ел тарихында өшпес із қалдырған тұлғаға деген құрметтің көрінісі. Ол бізді адалдыққа, абырой мен ерлікке жетелейді, – деді Сұлтан Бектөре.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру