Қарағанды академиялық музыка комедиялық театрының әртістері сотталғандарға концерттік бағдарламамен өнер көрсетті
Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД-ның Долинка кентіндегі №30 мекемесінде Қарағанды академиялық музыка комедиялық театрының әртістері концерттік бағдарламамен өнер көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР Конституция күнін атап өту қарсаңында елімізге еңбегі сіңген қайраткер Амантай Ибраев басқаратын Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрынын әртістері Мария Васильева, Юрий Чапаев, Стас Миначев, Анна Фомина және т.б. таңымал театр мүшелері Долинка кентінде орналасқан №30 түзеу мекемесінде өнер көрсетті.
Мерекелік бағадарлама қарсаңында театр әртістері халық билері және балет, әдемі мюзикл, опералық және фольклорлық шығармалар орындады. Аталған концертік бағдарлама сотталғандарға, әкімшілік қызметкерлеріне керемет көңіл-күй сыйлап, эмоцияға толы шығармалармен есте қалды.
– Маңызды мереке қарсаныңда аталған концертік бағдарлама ұйымдастырылған болатын. Аталған іс-шара мекемеде бірінші рет өткізілді. Сотталғандарға ерекше көніл-күй сыйлап сонымен қатар мәдени рухани дамуына өз пайдасын тигізетіндігіне үміттенеміз, – деп іс-шараны қорытындылады мекеме бастығының орынбасары Болат Игенбеков.