Қарағанды академиясының өкілі Павлодар облысы ПД жеке құрамымен кездесу өткізді
Қарағанды академиясының өкілі Павлодар облысы ПД жеке құрамымен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Кәсіптік бағдарлау іс-шаралары аясында ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының кәсіптік даярлау факультеті бастығының орынбасары, құқықтану ғылымдарының магистрі Надежда Ахметжанова Павлодар облысы полиция департаментінің жеке құрамымен кездесу өткізді. Кездесу барысында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша Академияға түсу мәселелері талқыланды.
Надежда Ахметжанова академияға түсу мерзімі мен тәртібі, іске асырылып жатқан білім беру бағдарламалары, ішкі істер органдарының қызметкерлеріне берілетін әлеуметтік кепілдіктер, сондай-ақ түсу және қосымша түсу емтихандарының тізбесі туралы толық мәлімет берді. Сонымен қатар ол Қарағанды академиясы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес "Құқық қорғау қызметі" мамандығы бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім беретінін атап өтті.
- Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының магистратурасына қабылданған қызметкерлерге оқу кезеңі кезінде академия аумағында уақытша тұрғын үй беріледі. Оған қоса, оқу уақытында қызметкердің атқаратын соңғы (уақытша орындалмайтын) штаттық лауазымы бойынша лауазымдық айлықақының жетпіс пайызы мөлшерінде жалақы төленеді, - деп атап өтті спикер.