Қарағанды колониясының қызметкерлері "Taza Қазақстан" республикалық акциясына қатысты
Қарағанды колониясының қызметкерлері "Taza Қазақстан" республикалық акциясына қатысып, балабақшаға гүл отырғызды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған "Taza Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында "№33 мекеме" қызметкерлері Агроқалашық кентінің "Балдәурен "бөбекжай-бақшасы" КМҚК аумағын көгалдандырды.
Аула безендіріліп, балаларды қуанту үшін гүлзарларға декоративті гүлдер - жарқын петуньялар отырғызылды. Акцияға қатысушылар көшеттерді әкеліп, гүлзарларды өз қолдарымен безендірді.
— Біз ортақ іске өз үлесімізді қосуға қуаныштымыз. Мұндай акцияларға қатысу — бұл тек қоғамға көмек емес, сонымен қатар біз өз еліміздің белсенді және пайдасы тиер азаматтары болуға дайын екендігімізді көрсету мүмкіндігі, - деп атап өтті бастықтың орынбасары Бекболат Бурлинов
Балабақша қызметкерлері мекеме қызметкерлеріне зейіні мен қамқорлығы үшін алғыс білдірді, сондай-ақ осындай бастамалар шеңберінде ынтымақтастықты жалғастыруға үміт білдірді.