Қарағанды мен Теміртауда 4 есірткі сатушы анықталды
Қарағанды мен Теміртауда 4 есірткі сатушы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
10 ақпанда Қарағанды қаласында жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Қарағанды қаласының Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері Қарағанды қаласының ПБ полиция полкінің қызметкерлерінің көмегімен қалаға кіре берісте көлікті тоқтатты. Көлікте 24 және 28 жастағы екі ер адам болған.
Полицейлер аталған көліктің салонын тексеру кезінде салмағы 100 граммға жуық ұнтақ тәрізді зат салынған буманы тауып, тәркіледі. Ұсталғандардың өздері түсіндіргендей, олар өздерімен бірге синтетикалық текті мефедрон есірткі затын алып жүрген, өздері есірткі пайдаланушы емес, тәркіленген есірткіні қылмыстық пайда үшін сатуды көздеген.
Келесі күні Теміртау қаласында қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша кезекшілік кезінде Теміртау қаласының патрульдік батальонының қызметкерлері қала көшелерінің бірінде 21 жастағы жергілікті тұрғынды тоқтатты. Полиция қызметкерлері жас жігіттен ерекше иісі бар ақ түсті ұнтақ заты бар 10 полимер байламдарын тауып, тәркілеген. Одан әрі жедел іс-шаралар барысында қаланың әртүрлі аудандарында есірткі заттары бар бес орам тәркіленді.
Сондай-ақ, ұсталған азаматтың сыбайласы, колледждердің бірінің 17 жастағы студенті де ұсталды. Артынша полицейлер есірткінің тағы он бумасын тәркіледі. Ұсталғандардың айтуынша, бұл синтетикалық жылдамдық есірткі заты.
Жоғарыда аталған азаматтардың барлығының қылмыстық ниеті олардан тәркіленген смартфондар арқылы расталды, онда есірткі қойылған жердің фотосуреттері мен сипаттамалары, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі хат алмасулар бар.
Аталған барлық фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Қарағанды облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімі есірткі заттарын сату 10 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
Есірткі құралдарын жазуларды, сызбаларды қолдану арқылы немесе кез келген басқа жолмен заңсыз жарнамалағаны және насихаттағаны үшін осы бап бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1 бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуға көндiру) бойынша осы заңсыз әрекеттерді жасау бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.