Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облыстық ПД-да Конституция күніне орай салтанатты жиын өтті

Қарағанды облыстық полиция департаментінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай бірқатар қызметкер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ата заң мерекесі күніне орай облыстық полиция департаментінде салтанатты іс-шара өтті. Алдымен ардагерлер мен жеке құрамды облыстың бас сақшысы Нығмет Исмағұлов құттықтады.

– Конституция – заң үстемдігінің берік орнап, қоғамның ілгері дамуына қызмет ететін айрықша құжат. Ата заңды ардақтау – болашаққа батыл қадам басқан егемен еліміздегі әрбір азаматтың асыл парызы. Сондықтанда біздің ортақ міндетіміз – басты Заңды қадірлеу, құрметтеу. Мемлекетіміз үшін аса маңызды мерекеде баршаңызға денсаулық, отбастарыңызға амандық, бақ-береке тілеймін, – деді департамент бастығы.

Департамент бастығының құттықтау сөзінен кейін Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің және департамент бастығының бұйрықтары оқылып, қызмет бабында алдыңғы қатардан көрінген бірқатар қызметкерлер марапатқа ие болды.

Атап айтсақ, ішкі істер министрінің бұйрығымен бас қызметкер «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен, жеті қызметкер «Ішкі icтep органдарының үздігі» төсбелгісімен, жеті қызметкер ҚР ішкі істер министрінің грамотасымен марапатталса, жеті қызметкерге алғыс хат беріліп, бір қызметкер уақытынан бұрын басшы құрамның арнайы атағын алды. Сондай-ақ іс-шара барысында полиция департаменті бастығының бұйрығымен 200-ге жуық қызметкер әртүрлі марапаттарға ие болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру