Қарағанды облыстық ПД-ның автоқызмет шаруашылығында жаңа құрылғы іске қосылды
Қарағанды облыстық полиция департаментінің автоқызмет шаруашылығында қызметтік көліктердің дөңгелектерін ауыстыратын құрылғы іске қосылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мамандардың айтуынша, бұған дейін көлік дөңгелектерін ауыстыру үшін жеке кәсіпкерлермен келісімшарт жасалатын болса, енді осы мамандыққа арнайы машықтанған шаруашылық қызметкерлері дөңгелек ауыстыру жұмыстарын өздері жасайды.
– Ішкі істер министрінің тапсырмасымен, облыс әкімінің қолдауымен бүгінгі күні автоқызмет шаруашылығында жаңа құрылғы іске қосылды. Бұл құрылғымен жұмыс істеу үшін біз қызметкерлерімізді арнайы оқыттық. Бүгінгі таңда күніне 20, 30 көлік дөңгелектерін ауыстыру жұмыстарын жүргізеді, – деді автоқызмет шаруашылығы бастығының орынбасары Асанәлі Акимов.
Тәртіп сақшыларына темір тұлпарларының қызмет барысында сақадай сай болуы маңызды.
– Алдағы уақытта бұл шаруашылықта көлік жуу, техникалық жөндеу орындары іске қосылмақшы. Бұл біздің уақытымызды үнемдеп, жұмысымызға тиімді болары сөзсіз, – дейді полицейлер.