Қарағанды облыстық ПД-ның Кинология орталығында балаларға арналған экскурсия өтті
Қарағанды облыстық ПД-ның Кинология орталығында балаларға арналған экскурсия өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мүмкіндігі шектеулі балалар мен азаматтар Қарағанды облыстық Полиция департаментінің Кинология орталығында болды.
Мемлекет басшысының биылғы жылды Балалар жылы деп жарияланғаны белгілі. Осыған орай, облыстық Полиция департаментінің Кинология орталығында «Лучик надежды» мүмкіндігі шектеулі балалар мен азаматтарға көмек көрсету орталығының тәрбиеленушілеріне танымдық экскурсия өткізілді.
Аталған шараға 6 мен 35 жас аралығындағы 40 адам қатысты. Орталық қызметкерлері саяхатқа келгендерге өздерінің қызметтік міндеттерін көрсетіп, қызметтік иттерді тәрбиелеудегі жұмыстарымен таныстырды.
Сонымен қатар, экскурсияға келгендер қызметтік иттердің күшіктерін көріп, болашақта оларды қызметке қалай үйретілетінімен танысты. Экскурсия барысында мүмкіндігі шектеулі жандарға қызметтік итпен қаруланған қылмыскерлерді ұстау, жасырынған есірткі заттарын табу сияқты жұмыстарды көрсетті.
Әсіресе келушілерге қызметтік иттің қаруланған қылмыскерді ұстау эпизоды қатты ұнады. Іс-шара соңында балаларға Кинология орталығы қызметкерлері дайындаған сыйлықтар үйлестірілді. Аталған іс-шараны өткізуге Қарағанды облыстық Полиция департаментінің Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы мұрындық болды.