Қарағанды облысы ПД-ның жауынгерлік және еңбек даңқы мұражайына 41 жыл толды
Қарағанды облысы ПД-ның жауынгерлік және еңбек даңқы мұражайына 41 жыл толды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысы ПД-да жауынгерлік және еңбек даңқы мұражайына 41 жыл толуына орай портрет-кеші өткізілді.
– Бүгін біз кешімізге ішкі істер органдарының ардагерлерін, қызметкерлерді және қонақтарды шақырдық. Әрине, меретой болмаса да, біз үшін бұл күн аталып өтілуге тиіс ерекше күн. Қарағанды облысының ІІББ бастығы Владимир Васильевтың мұражайды ұйымдастыру жөніндегі комиссияны құру туралы бұйрығы мұражайдың бастамасы болды. Осы уақыттан бастап көп еңбекті қажет ететін жұмыс басталды, – дейді мұражай директоры Айна Айтжанова.
Іс-сапарға шығатын әрбір қызметкерге болашақ мұражай үшін экспонаттар жинау – қосымша тапсырмалардың бірі болатын. Сонымен бірге, ішкі істер органы бөлімдерінің басшылары, ҰОС ардагерлері және ішкі істер органы әлі де дамып келе жатқан экспозицияларды толықтыруға көмектесу туралы көптеген хаттар алды. Мұражайды құру бойынша жұмыстар ішкі істер органының және ҰОС ардагері Иван Алексеевич Васильевқа тапсырылған. 1976 жылдан бастап 1981 жылдар ішінде аз аздан экспонаттарды жинады. Мұражай 1981 жылдың 3 шілдеде ашылды.
– Кем дегенде 1910 жылы әлем әскерлерін қаруландыруда болған Максим пулеметі немесе 1943 жылы өндірістен шыққан Дегтярев пулеметінің өзі неге тұрады. Міне, милиция генерал-майоры Владимир Шумеленкоға арналған экспозициялар, мұнда Қызыл Жұлдыздың жауынгерлік орденін алуға арналған марапаттау қағазы, бас киімі, атаулы тапаншасы, – деп белгілеп өтті А.Айтжанова.
Мұражайдың қызметі көп қырлы. Мұнда экскурсиялар ғана емес, сонымен қатар портрет-кештер, ерлік сабақтары өтеді. Оған қоса, алыс аудандарға шығулар болады.
Олардың мақсаты – ұрпақтар сабақтастығын сақтау, полиция қызметкерінің имиджін арттыру және де ең басты ішкі істер органдары ардагерлерінің ерліктерін үлгі ете отырып, жас полицейлерді тәрбиелеу.
– Біздің мұражайда қанша экспонат бар! Адам тағдырының қанша тарихы бар! Олар біздің есімізде қалмаған. Ал мұнда келсең, олардың жасаған ерліктерін біле бастайсың. Милиция, одан кейін полицияда жұмыс істеген әрбір қызметкер ешкім біле бермейтін ерліктер жасауда. Әрине, ондай қызметкерлер айта берсе жетерлік. Мен зейнетке шыққаннан кейін, жоғарғы оқу орнында сабақ бердім және өзімнің студенттерімді мұражайға әкеліп отырдым. Олардың көбісі өздерінің ата-бабаларын танып жатты және оларға мақтаныш, мәртебемен қарады. Бұлар құр суреттер емес, қарасан олар жанданады. Бұл деген біздің болашақ жастарымызың патриоттық тәрбиесі үшін өте маңызды. Айна Айтжанова мұражай мен адамдарға қаншама жан-дүниесін сыйлады! Ол кісіге қарағанда менің жүрегім езіледі. Мұражаймыз одан әрі қарыштап гүлдене берсін, – деді ішкі істер органының ардагері Клавдия Толченова.