Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері мен сотталғандар Абай күнін атап өтті
Қарағанды облысы бойынша және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД мекемелерінің қызметкерлері мен сотталғандар Абай күнін атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
№34 мекемеде 9 тамыз – Абай күнін мерекелеу аясында сотталғандар арасында алғаш рет қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған «Абай оқулары» әдеби байқау өтті. Байқауға 10 сотталған қатысты.
Конкурста сотталғандар мәнерлеп оқудан жарысты. Мекеме бастығының орынбасары Әсет Қызыловтың айтуынша, бұл байқаудың мақсаты – Абайдың әдеби мұрасын насихаттау, оқу мәдениетін қалыптастыру және қазақ әдебиетінің классикасымен танысу.
– Байқау өтетінін білген сәттен бастап, мекеме кітапханасында Абай Құнанбаевтың шығармаларын оқи бастадым. Қазір «Абай жолы» романын оқып бастадым, – деді №34 мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталған.
Сондай-ақ №36 мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталған азамат Абай күні мерекесіне орай Димаш Құдайбергеновтің челленджіне қатысты.
– Осындай іс-шараға қатысу мен үшін үлкен мәртебе. Мен өзім Моңғолия азаматымын, бірақ Абай Құнанбаевтың шығармаларына әрқашан тәнті боламын. Қазір мен емделіп жатырмын. Сол себепті тәрбие іс-шараларына қатыса алмаймын, ал өзімді көрсетіп, сүйікті ақыныма деген ризашылығымды білдіру мен үшін маңызды, – дейді сотталған.
Мекеме бастығының орынбасары Ербол Шайкенов атап өткендей, мұндай іс-шараларға қатысу сотталғандарға оң әсер етеді, патриотизм сезімін дамытады және халқымыздың тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікті оятады.
Сондай-ақ Димаштың челленджіне және Абай күнін мерекелеуге Жезқазған қаласының №62 мекемесінің қызметкерлері қосылып, ұлы ақынның өлеңдерін қуана оқыды.