Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды ​​облысында 258 автобус жүргізушісі жауапқа тартылды 

Қарағанды ​​облысында 258 автобус жүргізушісі жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды ​​облысында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасының екі күні ішінде  полицейлер жолаушы тасымалдаушы көлігінің жүргізушілері арасында 258 жол қозғалысы ережесін бұзу фактісін анықтап, жолын кесті.

Осылайша маневр жасау – 64,  көлік құралын басқару кезінде телефонды пайдалану ережелерін бұзғаны үшін – 33 тұлға, мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқарған – 14 тұлға, көлік құралын басқару кезінде жолаушыларды және жүктерді тасымалдау  ережесін бұзғаны үшін –7 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар бір көлік айыппұл тұрағына қойылып, автобус парктерінің үш лауазымды тұлғасы жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру