Қарағанды облысында 50-ден астам полицей әйел көтермеленді
Қарағанды облысында 50-ден астам полицей әйел көтермеленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қарағанды облысының Полиция департаментінде салтанатты іс-шара өтті.
– Құрметті қыз-келіншектер, көктемнің шуақты мерекесі – наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер отбасының ошағын сақтайсыздар, ұрпақ тәрбиелейсіздер. Кәсіби қызметтеріңізде табысқа жетіңіздер. Сіздер әрқашан сұлулықты, шынайылық пен ұқыптылықты сақтайсыздар. Сіздерге зор денсаулық, махаббат, бақыт, жақсы көңіл-күй тілеймін! Үйде әрқашан жылулық пен жайлылық орнасын, өмірлеріңіз қуанышқа толы болсын, – деді облыстық ПД басшысы Ерлан Файзуллин.
Сондай-ақ, ол Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Марат Ахметжановтың атынан құттықтаулар келіп түскенін айтып, әйел қызметкерлердің ерлермен тең құқықты қамтамасыз ету мен қылмысқа қарсы күреске қосқан үлесі зор екенін баса айтты.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен 52 әйел қызметкер көтермеленді.
Екі қызметкер ҚР ІІМ Құрмет грамотасымен, екі қызметкер ҚР ІІМ алғыс хатымен, екі қызметкер «Құқық тәртiбiн қамтамасыз ету» медалiмен марапатталды. «Ішкі істер органның үздігі» төсбелгісімен 15 қызметкер, алғыс хатпен 25 қызметкер марапатталды.
Сонымен қатар, облыстық Полиция департаменті басшысының бұйрығымен барлық әйел қызметкерлер ақшалай сыйлықпен ынталандырылды.