Қарағанды облысында әйел зейнеткердің атынан 1,6 млн теңге несие алған
Қарағанды облысында әйел зейнеткердің атынан 1,6 млн теңге несие алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
13 қарашада Қарағанды облысы Осакаров ауданының полиция бөліміне ауылдардың бірінің 67 жастағы тұрғынынан арыз түсті. Зейнеткер белгілі бір азаматтың оның атына 1 миллион 600 мың теңге көлемінде несие рәсімдегені туралы айтқан. Зейнеткер банкке қарыз екенін несиені төлеу туралы талаптар түсе бастағанда білген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктіні – жәбірленушінің танысы болып шыққан 40 жастағы әйелді ұстады. Ол қылмысын мойындады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.