Қарағанды облысында әйелді тонап кеткен ер адам қолға түсті
Қарағанды облысында әйелді тонап кеткен ер адам қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 тамыз күні 34 жастағы қала тұрғыны Қарағанды облысы Жезқазған қаласының полиция бөліміне жүгінген. Жәбірленушінің айтуынша, таңертең жұмысқа кетерде белгісіз біреу оған кенеттен тап берген. Күдікті жәбірленушінің қолынан ақша мен құжаттар салынған әмиянды тартып алып, оқиға орнынан қашып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 15 мың теңгені құрайды. Аталған факті бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғады.
10 қыркүйекте жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлерімен күдікті – Сәтбаев қаласының 19 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол кінәсін мойындап, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.