Қарағанды облысында ауыл тұрғыны өз анасын тонап кеткен
Қарағанды облысында ауыл тұрғыны өз анасын тонап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының полиция қызметкерлері бір күнде үш ұрлықты ашты.
Мәселен, 6 маусымда Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының ПБ-на елді мекендердің бірінің 64 жастағы тұрғыны жүгінді. Ауыл тұрғыны белгісіз адам үйге кіріп, құны 40 мың тұратын болгарканы ұрлап кеткенін айтты.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктіні – 25 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол жәбірленушінің үйіне құлып салынбай ашық тұрған есікті пайдаланып кіргенін айтып, ұрлығын мойындады. Ал ұрланған электр құралын өз мақсатында пайдаланған. Заттай дәлел – болгарка тәркіленіп алынды.
Бірнеше сағаттан кейін Бұқар жырау ауданының ПБ-ға басқа ауылда тұратын 63 жастағы әйелден арыз түсті. Зейнеткердің айтуынша, ол үйге кіретін есікті құлыптап көршілеріне барған. Ол үйіге қайтып келіп, үйіне белгісіз біреудің кіріп ұрлық жасау белгілерін анықтаған. Кірген тұлға ішінде 10 мың теңгесі бар әмиянды ұрлап кеткен. Полицейлер жәбірленушінің 64 жастағы ауылдасын «ізін суытпай» ұстады. Ол үйге еш қиындықсыз қалай кіруге болатынын және жәбірленушінің жинақтарының қайда тұратынын білетінін түсіндірді.
Біраз уақыттан кейін полицияға 81 жастағы зейнеткер қоңырау шалды. Анықталғаны, әйел дүкенге барған кезде белгісіз біреу үйден 9 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткен. Жалпы шығын сомасы 14 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол өтініш берушінің 42 жастағы ұлы болып шықты. Заттай дәлел – ұялы телефон тәркіленіп алынды.
Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.