Қарағанды облысында ауыл тұрғынынан 4 келіден астам марихуана табылды
Қарағанды облысында ауыл тұрғынынан төрт келіден астам марихуана табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 тамызда Қарағанды облысы Осакаров ауданының полиция бөліміне шаруа қожалықтарының бірінде белгісіз біреулер екі трактордың насосын ұрлап кеткені туралы хабарлама түсті. Келтірілген шығын 1 миллион 200 мың теңгені құрайды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері екі күдіктіні 27 және 34 жастағы ер адамдарды ұстады. Олар кінәсін мойындап, айғақты заттар алынды.Сонымен қатар, күдіктілердің бірінің жеке үйін тексеру кезінде полицейлер 4 келі 262 грамм марихуана тауып, тәркіледі.
ҚР ҚК-нің 188 және 296-баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.