Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында ауыл тұрғынынан қару мен оқ-дәрілер тәркіленді

Қарағанды облысында ауыл тұрғынынан қару мен оқ-дәрілер тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданына қарасты ауылдардың бірінде криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген «Құқықтық тәртіп» іс-шарасының нәтижесінде 54 жастағы ауыл тұрғынынан заңсыз сақталған, тіркелмеген қарулар мен оқ-дәрілер тәркіленді.

Тінту барысында екі қару, газ револьвері, 580 дана әртүрлі калибрлі оқ-дәрі, жеті жарылғыш пакеті тәркіленді. Сондай-ақ тәртіп сақшылары күдіктінің үйінен үш қағаз қорапқа оралған қою жасыл түсті зат тәркіленді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру