Қарағанды облысында ауылдасының бұзауын ұрлап кеткен әйел ұсталды
Қарағанды облысында ауылдасының бұзауын ұрлап кеткен әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 маусымда Бұқар-жырау ауданының ПБ елді мекендердің бірінің 60 жастағы тұрғынынан хабарлама келіп түседі. Ол еркін жайылымнан белгісіз біреу бір апталық бұзауын ұрлап кеткенін хабарлады.
Белгілі болғандай, өтініш беруші ауылдан 15 шақырым жерде орналасқан жайлауда 30 бас ірі қара малды ұстайды. Алайда олар қараусыз жайылған және табында бұзаулайтын сиыр да бар екен.
Әйел жазғы жайлауға он күн бойы бармаған. Соңғы рет келген кезінде бұзаулаған сиырын көріп, оның бұзауының жоқ екенін байқаған.
ҚР ҚК 188-1-бабы (Мал ұрлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Шілденің басында полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында мал ұрлаған күдіктіні анықтады және ұстады. Ол жәбірленушінің 42 жастағы ауылдасы болып шықты. Ол мойындау көрсетпелерін беріп, бұзауды ұрлау арқылы өзінің мал басын көбейткісі келгенімен түсіндірді.
Қазіргі уақытта жәбірленуші тарапқа бұзау қайтарылды. Тергеу жүргізілуде.