Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында ауылдасының мотоциклін ұрлаған күдікті анықталды

Қарағанды облысында ауылдасының мотоциклін ұрлаған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Былтырғы жылдың желтоқсан айының соңында Абай аудандық Полиция басқармасына қарасты Топар полиция бөліміне 46 жастағы әйел арызбен шағымданып, белгісіз біреу оның көлік тұратын орынға кіріп, құны 450 мың теңге тұратын мотоциклін ұрлап кеткені туралы хабарлаған.

Қылмысты ашу бойынша криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында арада бір ай өткенде осы іске қатысы бар деген күдікпен жәбірленуші азаматшаның 38 жастағы танысы ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ зат тәркіленді, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру