Қарағанды облысында автокөлік бөлшектерін ұрлаған күдікті қолға түсті
Қарағанды облысында автокөлік бөлшектерін ұрлаған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысында 43 жастағы азамат өз гаражынан автокөлік бөлшектерінің жоғалғанын байқаған. Белгісіз тұлғалар құлыпты бұзып кіріп, жалпы құны 350 мың теңге болатын мүлікті ұрлап кеткен.
Ұрлық туралы арызға Шахтинск қаласының полиция қызметкерлері жедел әрекет етті. Жүргізілген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 42 жастағы күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды. Тексеру барысында оның пәтерінен ұрланған автокөлік бөлшектері табылды.
Қазіргі уақытта бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс сотқа жолданды. Тәркіленген автокөлік бөлшектері іс материалдарына заттай дәлелдеме ретінде қоса тіркелді.
