Қарағанды облысында автоұры ұсталды
Қарағанды облысында автокөлік ұрлаған ұры ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.2 мамырда 28 жастағы қала тұрғыны Қарағанды облысының Шахтинск қаласының полиция бөліміне хабарласып, белгісіз біреудің өзіне тиесілі BMW маркалы автокөлігін ұрлап кеткенін түсіндірді. Келтірілген шығын 700 мың теңгені құрайды.Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері іздеудегі көлікті қала көшелерінің бірінен байқады. Полиция қызметкерлері 23 жастағы жас жігіт басқарған ұрланған көлікті ұстады. Ол кінәсін мойындап, ұрланған автокөлік жәбірленушіге тапсырылды. Жәбірленуші полицияға ұрланған автокөлікті жедел қайтарғаны үшін алғыс білдірді. ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.