Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында балабақшадан құрылыс материалдары ұрланды

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының полицейлері балабақшадан құрылыс материалдар ұрлығының жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 қыркүйек сағат 03.00-де Сәтбаев қаласы ПБ патрульдік полициясының қызметкері көшелердің бірінде балабақшаның жанында біртүрлі қозғалыстарға көңілін аударды. Белгісіз адам балалар мекемесінен автомашинаға заттарды тасып, тиеуде.

Полицейлер күдікті адамды ұстады. Ол 22 жастағы жігіт болып шықты. Анықталғандай, көлігіне 10 қап цемент тиеп үлгерген, оны жөндеуде тұрған балабақшасынан алған. Көрсетілген объектіден ұрлық – осы жердің күзетшісі, 51 жастағы әйелдің рұқсатымен жасалған.

Ұрылардың есебі бойынша түнде ұрлықты ешкім көрмейді. Бірақ, полиция қызметкерлерінің көздеріне түсетіндерін ойламаған.

ҚР ҚК 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру