Қарағанды облысында бірнеше ұрлыққа қатысы бар адам ұсталды
Қарағанды облысында бірнеше ұрлыққа қатысы бар адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
27 тамызда Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөліміне, Б.Момышұлы даңғылындағы дүкендердің бірінде тонау болғаны туралы хабарлама түсті. Бірнеше минуттан кейін оқиға орнына жедел тергеу тобы келді.
35 жастағы сатушының айтуынша, кешкі сағат 17.15 шамасында беті медициналық бетпердемен жабылған ер адам сауда нүктесіне кірген. Сатушыны қорқытып 15 келі жеуге болатын көкнәрді ашық түрде иемденіп, кассадағы 400 мың теңгені алып кеткен. Келтірілген шығын көлемі шамамен 500 мың теңгені құрайды.
Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері көпқабатты үйлердің бірінің ауласында күдікті – 40 жастағы ер адамды ұстады. Ол қылмысын мойындап, айғақты заттар алынды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полицейлер сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің үш велосипед ұрлығына да қатысы барын және жәбірленушілерге жалпы сомасы 100 мың теңге шамасында шығын келтіргенін анықтады.