Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

ІІМ қылмыстың алдын алу және ұйымдасқан қылмыстық топтардың жолын кесу бағытында кешенді әрі жүйелі жұмыстарды жалғастыруда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері прокуратурамен және ҰҚК-мен бірлесіп, Балқаш қаласында арнайы жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізді.

Нәтижесінде қала тұрғындарын қорқыту арқылы ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың мүшелері ұсталды. Жедел іс-шара барысында полиция бөліміне 13 адам жеткізілді, олардың сегізі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу барысында күдіктілердің тұрғындардан 800 мыңнан 8 миллион теңгеге дейін ақша бопсалағаны, сондай-ақ жәбірленушілердің атынан заңсыз түрде несие рәсімдегені анықталды.

Арнайы операция барысында полиция қызметкерлері 23 тінту жүргізіп, 26 ұялы телефон, жеті пышақ, бес автокөлік, екі миллион теңгеден астам қаражат, есірткіге ұқсас зат салынған төрт пакет және қылмыстық әрекеттерге қатысты басқа да айғақ заттар тәркіленді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру