Қарағанды облысында бөтеннің саяжайын жылусыз қалдырған ұры ұсталды
Қарағанды облысында бөтеннің саяжайын жылусыз қалдырған ұры ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 қарашада Қарағанды облысы Абай ауданының ПБ-не 50 жастағы Абай қаласының тұрғыны арызданған. Жәбірленушінің саяжайына ұры түсіп, металл пеш пен құбырды ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 62 мың теңгені құрады. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
23 қарашада жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 26 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол ұрланған мүлікті металл сынықтарын қабылдау пунктіне тапсырмақ болғанын айтып, кінәсін мойындады.
Айғақты зат тәркіленді. Қазіргі уақытта амалдары жүргізілуде.