Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында браконьерлер көлік жүксалғышында 143 келі балықты алып кетпекші болған

Қарағанды облысында браконьерлер көлік жүксалғышында 143 келі балықты алып кетпекші болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 сәуірде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының полиция бөлімінің табиғатты қорғау полициясы тобының қызметкерлері аудан аумағында орналасқан су қоймалары маңайында «Уылдырық шашу» жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде рейд жүргізді.

Сағат 13.00 шамасында полиция қызметкерлері Қарасор көліне іргелес аумақты аралап жүргенде, жағалаумен келе жатқан көлікті байқаған. Көлік бірден күдікт тудырды. Полицейлер 61 жастағы ер адам басқарып келе жатқан көлікті тоқтатты. Салонда жүргізушіден басқа екі жолаушы болды – олар 33 және 45 жастағы ер адамдар.

Тексеру барысында автокөліктің жүксалғышынан жаңа ауланған балық және 300 метр балық аулайтын тор табылып, тәркіленді. Полицейлер қаскүнемдердің 101 келі мөңке, 42 келі сазан балығын алып кетуге тырысқанын анықтады. Келтірілген шығын сомасы 400 мың теңгеден асады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 335-бабы (Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, 15 сәуірден бастап «Уылдырық шашу» жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері Қарағанды облысының табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзу) бойынша 20-дан астам әкімшілік хаттама толтырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру