Қарағанды облысында дәнекерлеуші кәсіпорынның кабелін ұрлап кетті
Қарағанды облысында дәнекерлеуші кәсіпорынның кабелін ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4 қыркүйекте Қарағанды облысы, Балқаш қаласының полиция бөліміне бір кәсіпорыннан хабарлама келді. Белгісіз адам гаражға кіріп, дәнекерлеу кабелін ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 40 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті, 38 жастағы ер адамды ұстады. Ұсталған адам осы кәсіпорында дәнекерлеуші болып жұмыс істейді. Ол кінәсін мойындап, айғақты дәлелдер алынды.
ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.