Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында дрон арқылы абаттандыру қағидаларын бұзу дерегі анықталды

Қарағанды облысында "Таза Қазақстан" акциясы аясында Бұқар жырау ауданында қоғамдық орындардағы тазалық пен тәртіпті қадағалау жұмыстары күшейтілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Заманауи технологиялар, соның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану, заң бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік берді. Облыстағы ауылдардың бірінде абаттандыру ережелерін бұзудың екі дерегі тіркелді. Біріншісі – ауылға уақытша келген қарағандылық тұрғынға, екіншісі – жергілікті тұрғынға қатысты. Олар заң аясында жауапқа тартылды.

- Тазалық пен тәртіп – баршамыздың ортақ парызымыз. Қоғамдық орындарды ластау тек қана қоршаған ортаға зиян келтіріп қоймай, әкімшілік жазаға да әкелетінін еске саламыз. Қоқысты тек арнайы орындарға тастаңыздар. Көшелер мен аулаларда тазалықты сақтап, өскелең ұрпақты табиғатқа ұқыпты қарауға үйретейік, - дейді полицейлер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру