Қарағанды облысында дүкеннен ақша ұрлаған күдікті құрықталды
Қарағанды облысында дүкеннен ақша ұрлаған күдікті құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4 маусымда, түнгі уақытта Саран қалалық полиция бөліміне қала тұрғыны хабарласып, белгісіз адамның өзіне тиесілі дүкенге ұрлыққа түсіп, кассадан 700 мың теңгеден астам ақша ұрлап кеткені туралы хабарлаған. Негізінен дүкен иесі күнделікті кассадан ақшаны алып кетіп жүрген, алайда сол күні ол жұмыстың көптігінен ақшаны алуды ұмытып кеткен.
Ұры дүкенге терезенің темір тор көзін сындырып кіріп, ақшаны әкеткен. Тәртіп сақшыларымен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барсында осы іске қатысы бар деген күдікпен 19 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Тәртіп сақшылары күдіктіні оқиға орнында қалған аяқ ізі арқылы анықтаған.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына сәйкес, қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тәртіп сақшыларымен күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.