Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында Дүниежүзілік адам саудасының алдын алу күніне орай авто-мото шеру өтті

Қарағанды облысында Дүниежүзілік адам саудасының алдын алу күніне орай авто-мото шеру өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мамыр айында облыстық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен шаруа қожалықтарының қыстақтарын тексеру барысында Қазақстанның үш азаматын еңбек құлдығынан босатқан болатын. Қазіргі уақытта тиісті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

– Адам саудасының алдын алу, еңбек құлдығында адамдарды ұстау фактілерін анықтау – ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі. Осы мәселені халыққа түсіндіру, қоғамның назарын аудару мақсатында демалыс күндері біз кең көлемді акция өткіздік, – деді ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Мирас Аубакиров.

Шараға 150 адам қатысты. Полиция қызметкерлерінен бөлек «Мир Добра», «Қайсар», «Қызы Ай» үкіметтік емес ұйымдары, «Чингизхан» мотоклубы және автоеріктілер қатысты. Сенбі күні акцияға қатысушылар қала көшелерінде авто-мото шеру жасаса, жексенбі күні қаланың орталық демалыс саябағында қала тұрғындарын қабылдау жүргізіліп, адам саудасының алдын алуға бағытталған үнпарақшалар таратылып, жедел желі нөмірлері берілді. Осындай іс-шаралар облыстық полиция департаментінің аумақтық бөліністерінде де жалғасын тапты. Аудан орталықтарында полиция қызметкерлері шаруа қожалық иелерімен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру