Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында электрлі самокаттарды пайдалану тәртібін реттеу мақсатында рейд өткізілді

Қарағанды облысында электрлі самокаттарды пайдалану тәртібін реттеу мақсатында рейд өткізілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Теміртау қаласында полиция басқармасының қызметкерлері, қала әкімдігі өкілдері және JET каршеринг компаниясының мамандарының қатысуымен жалға берілетін электрсамокаттарды пайдалану тәртібін реттеу мақсатында рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.

Рейд барысында тротуарларда, жаяу жүргіншілер жолдарында және автожолдың бойында бейберекет қойылған 78 электрсамокат жиналып, арнайы айып тұрағына қойылды.

Сонымен қатар JET компаниясының басшылығымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, электрсамокаттарды белгіленген тәртіппен орналастырудың маңыздылығы түсіндірілді.

Полиция тұрғындарды электрсамокаттарды бейберекет тастамауға шақырады. Мұндай әрекеттер жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі келтіріп қана қоймай, жол қозғалысы қауіпсіздігіне де елеулі қатер төндіреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру