Қарағанды облысында ер адам ауылдасының үйіне кіріп, алтын сақиналарды ұрлап кетті
Қарағанды облысында ер адам ауылдасының үйіне кіріп, алтын сақиналарды ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 тамызда Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ғ. Мұстафин атындағы кенттің полиция бөліміне 43 жастағы әйел арызданған. Белгісіз біреу жеке үйдің есігінің құлыпталмағанын пайдаланып, үйге кіріп, екі алтын сақинаны ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгені құрайды. ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
25 тамызда жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 42 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, айғақты заттар алынды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.