Қарағанды облысында ер адам көршісінің пәтеріне ұрлыққа түсті
Қарағанды облысында ер адам көршісінің пәтеріне ұрлыққа түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
11 қазанда Қарқаралы қаласының 61 жастағы тұрғыны аудандық полиция бөліміне жүгінген. Жәбірленуші әйел сыртта жүрген туыстарының пәтеріне қарайтынын айтты. Күнделікті пәтерді тексеруге келген әйел балконның пластикалық есігі ашық жатқанын көрген. Анықталғандай, пәтерге кірген ұры CD мен DVD дискілерін, компьютерге қажетті заттарды ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 22 мың теңгені құрады. ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
13 қазанда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметінің қызметкерлері күдікті 44 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол бос пәтермен көрші тұратынын және онда қандай бағалы заттар бар екенін тексеруге шешім қабылдағаны белгілі болды. Қазір тергеу жүріп жатыр.