Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында ерлікпен қаза тапқан полицейдің атына АӘД сыныбы ашылды

Қарағанды облысы Осакаров ауданының №1 мектебінде қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полицейдің атына АӘД сыныбы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1981 жылдың 1 тамызында Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы ішкі істер желілік бөлімінің милиционері Рамазан Байғошкаров антына, өзінің қызметтік борышына адалдықтың шынайы үлгісін көрсетіп, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қарулы қылмыскердің қолынан қаза тапты. Ұстау кезінде қылмыскер өз-өзіне қол жұмсады.

Рамазан Байғошқаров – кәсіби міндетін мінсіз атқарған, антына адал, қоғамды қылмыскерлерден сақтау жолында өз өмірін құрбан еткен батыр полицей. Ол 1956 жылы Қарағанды облысының Восток совхозында дүниеге келген.

1979 жылдан бастап Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы желілік ішкі істер бөлімінің милиционері болып жұмыс істеген. Іс-шараға қаза тапқан қызметкердің жақын туыстары шақырылды. Қатысушылар батыр тұлғаны бір минут үнсіздікпен еске алып, оның өмірбаянымен танысты.

Рамазан Байғошқаровтың батырлығы мен адалдығы, оның лайықты өмірі өскелең ұрпақты Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеудің жарқын үлгісі болып қалады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру