Қарағанды облысында есірткі дүкенінің жарнамасын таратқан екі тұрғын ұсталды
Теміртауда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері заңсыз есірткі сататын онлайн-дүкеннің жарнамасын таратумен айналысқан екі жергілікті тұрғынды анықтап, олардың әрекетіне тосқауыл қойды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел іс-шара барысында жасы 21 және 33-тегі ер адамдар ұсталды. Олар қала көшелеріне QR-коды бар, жасырын интернет-дүкенге бағыттайтын парақшаларды жапсырып жүрген.
Тінту кезінде полицейлер олардың мобильді телефондарын, әлеуметтік желілерде "куратормен" жүргізілген хат алмасуларын, сондай-ақ жарнамалық парақшалар мен скотчты тәркіледі.
Тергеу кезінде күдіктілер кінәларын мойындап, парақша жапсыруға жеке тұтынуға арналған РVP синтетикалық есірткісінің 1 граммы үшін келіскендерін айтқан. Жеңіл табыс табамыз деген ой қауіпті тәуелділікті өтеу әрекетіне айналып, олар үшін тосын оқиғамен аяқталды.
Қазіргі уақытта бұл факті бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.
