Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында ІІО ардагерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті

Қарағанды облысында ІІО ардагерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысының полиция департаментінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары ардагерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шара Қарағанды облысының тұрғындарының тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында ерлікпен қаза тапқан полицейлер ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Департамент басшылығы, ардагерлер және жеке құрам бір минут үнсіздікпен еске алды.

Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы Негмет Исмагулов ардагерлерді мерекемен құттықтап, олардың өңірдің тыныштығын сақтау мен жас ұрпақты тәрбиелеудегі ерен еңбектері үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, елге адал қызмет еткен ардагерлерге құрмет көрсетіліп, алғыс хаттар табысталды.

Бүгінде Қарағанды облысында бес мыңға жуық ішкі істер органдарының ардагері тұрады. Олардың қатарында 70-, 80- және 90-жылдары қызмет еткен, өмірін полиция қызметіне арнаған азаматтар бар. Көптеген ардагерлер бүгінде де жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, өз тәжірибесімен бөлісіп келеді.

Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты. Онда қызметтегі полицейлер, Б. Бейсенов атындағы ҚР ІІМ академиясының курсанттары және ішкі істер органдарының ардагері Жанатай Сембеков өнер көрсетті.

Концертте "Сарыарқа" вокалды-аспаптық ансамблі мен Жанатай Сембековтің орындауындағы Қарағандыдағы полицияның гимні — "Айбынды сақшылар" әні орындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру