Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында кабельді ұрлаған топ ұсталды

Қарағанды облысында кабельді ұрлаған топ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 тамызда кәсіпорындардың бірінің өкілі Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының полиция бөліміне хабарласқан. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреулер елді мекендердің бірінде мыс кабелін ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 200 мың теңгені құрайды.

Бұл қылмысты жасады деген күдікпен жедел-тергеу тобының қызметкерлері 23 пен 40 жас аралығындағы үш ер адамды ұстады. Олардың екеуі Ақмола облысының тұрғыны, үшіншісі – Қостанай облысының тұрғыны болып шықты. Күдіктілер кінәсін мойындап, айғақты заттар алынды.

ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру