Қарағанды облысында көлік ұрлап кеткен күдікті қолға түсті
Қарағанды облысында көлік ұрлап кеткен күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 ақпан күні Абай аудандық Полиция басқармасына қарасты Топар кенттік полиция бөліміне 25 жастағы Абай қаласының тұрғыны хабарласып, түнгі уақытта қонақ үйлердің бірінің автотұрағында тұрған автокөлігін белгісіз біреулердің ұрлап кеткені туралы арызданған. Оған келтірілген шығын көлемі 500 мың теңгені құраған.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды.
8 наурыз күні полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 43 жастағы ер адам ұсталды. Олд мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде.