Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында көліктерден ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Қарағанды облысында көліктерден ұрлық жасаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 сәуірде Қарағанды облысы Абай ауданы ПБ Топар полиция бөліміне елді мекендердің бірінің 59 жастағы тұрғыны жүгінді. Жәбірленуші белгісіз адам көліктен қосалқы доңғалақ пен радиаторды ұрлап кеткенін айтты. Шығын 15 мың теңгені құрады.

Көліктің салоны мен жүк салғышы құлыпталмай жеке үйдің ауласында тұрғаны анықталды. Бұл жағдайды қаскүнем пайдаланып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 30 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды. ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

25 наурызда осыған ұқсас қылмыс Қарағандыда орын алған. Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 43 жастағы қала тұрғынының өтініші келіп түсті. Ер адам көлігін түнде көпқабатты үйдің ауласында көлік тұрағына қойған. Бұл жағдайда ер адам көлікті құлыптауды ұмытып кетті. Таңертең жәбірленуші біреудің көлік салонына кіріп, құны 80 мың теңге болатын бейнетіркегішті ұрлап кеткенін анықтады.

Аталған факті бойынша полиция ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғады.

15 сәуірде криминалдық полиция қызметкерлері 41 жастағы күдікті ер адамды ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру