Қарағанды облысында көршісінің алтын бұйымдарын ұрлаған азамат ұсталды
Қарағанды облысында көршісінің алтын бұйымдарын ұрлаған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысы Нұра аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 36 жастағы азаматшаны ұстады. Күдікті 64 жастағы көршісінің үйде болмаған сәтін пайдаланып, оның үйіне кіріп, алтын бұйымдарын ұрлап әкеткен. Келтірілген шығын көлемі 1 миллион 100 мың теңгені құрады.
Ұсталған азаматша жасаған қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.