Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында микрокредиттік ұйымға қарақшылық шабуыл жасаған екеу ұсталды

Қарағандыда микрокредиттік ұйымға қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 ақпан күні белгісіз екі адам қаладағы шағын несие беру мекемелерінің біріне қарақшылық шабуыл жасаған. Олар кассирді «мекемені жағып жібереміз» деп қорқытып, ақша алып кеткен болатын.

– Криминалдық полиция қызметкерлері өткізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 19 және 28 жастағы екі азамат ұсталды. Ұсталған азаматтар жасаған қылмыстарын мойындады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру