Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында мотоцикл ұрлаған ер адам ұсталды

Қарағанды облысында мотоцикл ұрлаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 қарашада Қарағанды облысы Абай ауданының ПБ Топар полиция бөліміне Топар ауылының 47 жастағы тұрғыны арызданған. Жәбірленуші ер адам белгісіз біреудің гараждан мотоцикл ұрлап кеткенін айтты. Материалдық шығын 500 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктіні анықтап, 28 жастағы ер адамды ұстады. Ол кінәсін мойындап, айғақты зат – мотоцикл алынды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру