Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында мотоциклді мас күйде басқарған екі жүргізуші ұсталды

Қарағанды облысында мотоциклді мас күйде басқарған екі жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мотоциклді жүргізушілердің сақтандыру құралдарын тағуын, жолдағы қауіпсіздік шараларын ұстануды бақылау – полиция қызметкерлері тарапынан жүргізіліп жатқан басты іс-шаралардың бірі.

28 наурыз күні Қарқаралы ауданында 55 жастағы мотоцикл жүргізушісінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол-көлік оқиғасының салдарынан мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Белгілі болғандай, қаза болған жүргізуші мотоцикл құралын тиісті құжаттарсыз басқарған. Осындай қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында Қарағанды облысының аумағында «Мотоцикл» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп, оның барысында жол жүру ережелерін бұзудың 44 дерегі анықталды.

Мысалы, мотоцикл құралдарын басқару құқығы жоқ, яғни тиісті санатынсыз басқарғаны үшін 12 дерек анықталса, мотоциклді мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз басқарудың 11 фактісі, мотоциклде адамдарды тасымалдау кезінде мотошлемді пайдаланбаудың 11 дерегі анықталды. Сонымен қатар шара барысында аталған көлік құралын мас күйде басқарудың екі дерегі анықталды. Облыс аумағында жоғарыда аталған іс-шара үнемі жүргізілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру