Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында мотоциклші қоршауға соғылып, көз жұмды

Қарағанды облысында мотоциклші қоршауға соғылып, көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көктем басталысымен азаматтар Қарағанды облысының жолдарында автокөліктерді белсенді пайдалана бастады. Бұл мотоцикл жүргізушілерінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының көбеюіне әкелді.

Мысалы, 1 мамыр күні сағат 17.00 шамасында Жаңаарқа ауданына қарасты ауылдардың бірінде мемлекеттік нөмірі жоқ мотоциклді тізгіндеген 37 жастағы ауыл тұрғыны рульді басқара алмай, жеке үйдің кірпіш қоршауына соғылған. Салдарынан ер адам алған жарақаттарынан медициналық мекемеде көз жұмды. Ер адамның мотоциклді тиісті құрал-жабдықтарсыз және құжаттарсыз басқарғаны анықталды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

2 мамырда Абай қаласында Абай ауданы ППП патрульдік полиция взводының қызметкерлері 34 жастағы ер адам басқарған мотоциклді дулығасыз айдап келе жатқаны үшін тоқтатты.

Мотоциклшіден алкогольдің өткір иісі шыққан, сонымен қатар оның мотоциклге құқық беретін құжаттары болмаған.
Құқық бұзушыға қатысты ҚР ҚК 593 және 590 баптары бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сол күні сағат 21:00 шамасында Абай ауданы ПБ Топар полиция бөліміне елді мекендердің бірінде оқыс оқиға орын алып, соның салдарынан 14 жастағы қыз зардап шекті және медициналық мекемеге жеткізілді.Оқиға орнына полиция қызметкерлері жеткенде бұл дерек расталды. Анықталғандай, 57 жастағы жергілікті тұрғын тізгіндеген жеңіл көлік қарсы келе жатқан көліктерге жол бермей, 17 жастағы жасөспірім басқарған мотоциклмен соқтығысқан. Оқиға кезінде көліктегі жолаушы орнында отырған 14 жастағы қыз зардап шекті.

Анықталғандай, жас мотоциклшінің қолында жүргізуші куәлігі мен мотоциклге құқық беретін құжаттары болмаған.

Сәуір айының өзінде облыста автокөліктердің қатысуымен 50-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі орын алған. Осыған байланысты 4-6 мамыр аралығында “Мотоцикл” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға және әрқашан толық қорғаныс құралдарын киюге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру