Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында полицей өрт шыққан пәтерден тұрғындарды эвакуациялады

Қарағанды облысында полицей өрт шыққан пәтерден тұрғындарды эвакуациялады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысы Саран қаласында пәтерден өрт шықты.

Саран қаласы полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы Мақсат Майпасов Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Сәнді Мұқанова және “Саран Today” газетінің журналисімен бірге іс-шара өтетін орынға бара жатқан еді. Бес қабатты үйдің екінші қабатындағы пәтерден шыққан жалынды бірінші болып полиция қызметкері байқаған. Уақыт өте тығыз еді, сондықтан тәртіп сақшысы бірден зардап шеккендерге көмек көрсетуге ұмтылды. Ал полиция қызметкерімен бірге келе жатқан қызметкерлер оның әрекетін камераға түсіріп, соңынан ерген.

Полицей бірден тұрғындарды шұғыл эвакуациялауды ұйымдастырды. Кейін уақыт жоғалтпай, Мақсат Майпасов газтұтқыш киіп, пәтерде адамдар қалып қоймағанын тексеру үшін өртеніп жатқан пәтерге кірген. Сол сәтте ол өз өміріне қауіп төніп тұрғанын ойламаған. Оны алға жетелеген – көмек көрсетуге деген ұмтылыс пен қызметтік борыш.

Қорқынышқа толы көріністі көрген көршілері өрт сөндірушілерді шақырған. Көп ұзамай оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметкерлері келіп, жалынды ауыздықтауға кірісті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру